Accessibility links

Шойгу: Ресей мен АҚШ Алеппоға қатысты келісім жасасуға жақын


Сергей Шойгу, Ресей қорғаныс министрі.

Сергей Шойгу, Ресей қорғаныс министрі.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Мәскеу мен Вашингтон Сирияның қоршаудағы Алеппо қаласындағы гуманитарлық дағдарысты сейілту жайында келісімге жақындап қалғанын мәлімдеді.

"Біртіндеп келісімге жақын қалдық. Мен тек Алеппоға қатысты айтып отырмын. Бұл бізге Алеппода бейбітшілік орнатып, бейбіт тұрғындардың үйлеріне оралуы үшін ортақ түсіністік табуымызға мүмкіндік тудырады" деді Сергей Шойгу "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Шойгу Ресей жағы "америкалық әріптестерімен өте белсенді келіссөз жүргізіп жатқанын" айтты.

Бір кездері Сирияның сауда орталығы әрі ең ірі қаласы болған Алеппо үшін шайқас алтыншы жылға ұласқан азаматтық соғыстың беталысына ықпал етейін деп тұр. Бірақ АҚШ жағы келісім жасасуға әлі жетпегенін айтады. "Біз әзірге ешнәрсе айта алмаймыз. Біз Ресей жағымен тығыз байланыста бола береміз" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Элизабет Трюдо.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің прездиенті Петер Маурер 15 тамызда Алеппо үшін шайқасты "осы заманымыздың қалалы жерде болып отырған ең кескілескен шайқастардың бірі" деп атады.

XS
SM
MD
LG