Accessibility links

Ресейдегі допингті әшкерелеуші: Өміріме қауіп төніп тұр


Ресейлік жеңіл атлет Юлия Степанова.

Ресейлік жеңіл атлет Юлия Степанова.

Ресейдегі допинг қолдану тәжірибесін әшкере еткен жеңіл атлет Юлия Степанова хакерлер өзінің Дүниежүзілік допинге қарсы агенттігіне (WADA) жіберген хаттарын бұзбаққа әрекеттен соң күйеуі екеуінің өмірі үшін қорқатынын мәлімдеді.

Юлия Степанова күйеуі Виталий Степановпен бірге өткен жылы Ресейде спортшылардың допинг қолданып, оны жасырудың мемлекеттік бағдарламасы барын әшкерелеуге көмектескен. Ол допинг дауы шыққан өткен жылдан бері күйеуімен бірге АҚШ-та жасырынып тұрып келеді.

800 метрге жүгіретін атлеттің айтуынша, белгісіз хакерлер күйеуі екеуінің тұрғылықты жерін білмекке әрекеттенген. Бұдан соң өмірлеріне алаңдай бастаған Степановтар көшуге бел буған.

"Егер бізге бірдеңе болса онда оның кездейсоқтық емес екенін білгендеріңіз жөн" дейді Степанова.

Ол өз қауіпсіздігіне ақпан айында - Ресейдегі допингке қарсы агенттіктің екі қызметкері аяқ астынан көз жұмған соң алаңдай бастаған.

Риодағы олимпиадаға тәуелсіз спортшы ретінде қатыспақ болған, бірақ Халықаралық олимпиада комитеті рұқсат бермеген Степанованың пікірінше, WADA-ның биыл допинг қолданғандарды Олимпиада ойындарынан шеттеткеніне қарамастан Рио Олимпиадасында допинг қолдану кең тараған.

"Мен дайындық кезінде арнайы препараттар қабылдаған спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысып жатқанына сенімдімін. Допинг Ресейдің ғана проблемасы емес», - дейді Степанова.

XS
SM
MD
LG