Accessibility links

АҚШ: Гуантанамоның бұрынғы 15 тұтқыны БАӘ-ге жіберілді


Гуантанамо түрмесінің сыртқы көрінісі (Көрнекі сурет).
Гуантанамо түрмесінің сыртқы көрінісі (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінде отырған 15 тұтқын - 12 йемендік пен үш ауғандық Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жіберілді. АҚШ президенті Барак Обама президенттікке сайланатын кезде Кубада орналасқан Гуантанамо түрмесін жабуға уәде берген. Түрмеден бұрын-соңды бірден мұндай көп тұтқын босатылмаған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің Гуантанамо түрмесін жабу бойынша арнайы өкілі Ли Волоски АҚШ атынан БАӘ-ге түрмеден босаған тұтқындарды қабылдағанына алғыс білдірді.

"Гуантанамоның жұмысын жалғастыра беруі ресурстарымызды сарқып, маңызды серіктерімізбен қарым-қатынасымызға нұқсан келтіру және экстремистерге қолдау көрсету арқылы ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді" деді Волоски.

Пентагонның мәліметінше, қазір Гуантанамода әлі 61 тұтқын отыр. Түрме 2002 жылы сол кездегі президент Джордж Буштың тұсында "Талибанмен" немесе "Әл-Қаидамен" байланысы бар деген күдіктілерді ұстау үшін ашылған.

XS
SM
MD
LG