Accessibility links

Ресей жаттықтырушысы: Левит үшін қапалымын


Қазақстандық боксшы Василий Левиттің соққысынан құлап жатқан Ресей боксшысы Евгений Тищенко. Бразилия, Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.
Қазақстандық боксшы Василий Левиттің соққысынан құлап жатқан Ресей боксшысы Евгений Тищенко. Бразилия, Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Ресей бокс құрамасының жаттықтырушы Эдуард Кравцов қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың Рио Олимпиадасының ақтық жекпе-жегінің нәтижесіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды жергілікті vesti.kz сайты.

- Не айтуға болады, жекпе-жекті кім жеңгенін бәрі көрді! Мен әрқашан әділ қазылық жағындамын және жаттықтырушылар мен спортшылар еңбегін әділ бағалағанын қалаймын. Біз жаттықтырушылармыз, кейбіреулер айтатындай "станок" басында тұрғандар бар. Сондықтан Василий мен оның жаттықтырушылары, бүкіл бокс үшін қапалымын! Өйткені алаң маңындағы мұндай жағдайлар біздің спортқа абырой әпермейді. Өкінішке орай, бұл олимпиададағы жалғыз ғана мысал емес, тендецияға айналған. Біздің боксшы да жеңу үшін шыққан және оның қолын көтергені үшін кінәсі жоқ. Бокс жанкүйерлері үшін әттеген-ай болды, - деді Кравцов vesti.kz сайтына берген сұқбатында.

Рио Олимпиадасында 91 килограмм салмақ бойынша жарыстың ақтық сынында қазылар жеңісті Евгений Тищенкоға берген. Финал нәтижесіне қазақстандық көрермендер қарсылық танытып, бокс сарапшылары сынға алған.

XS
SM
MD
LG