Accessibility links

Ресей-OPEC кездесуінен соң мұнай бағасы көтеріле түсті


Александр Новак, Ресей энергетика министрі.

Александр Новак, Ресей энергетика министрі.

Мұнай бағасы Ресей ОPEC-пен әлемдік нарықта сұраныстан артып кеткен мұнай көлемін азайту бойынша жұмыс істейтінін білдірген соң аздап жоғарылады.

Ресей делегациясы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОPEC) Венадағы штаб-пәтеріне барып, мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен дамуына байланысты пікір алмасты деп хабарлайды Ресей энергетика министрлігі.

Ресей энергетика министрі Александр Новак кейін қазан айында OPEC-пен тағы кездесуді жоспары барын мәлімдеді. Бұл жолғы кездесуінен кейін мұнай бағасы 84 центке артып, Нью-Йоркта 46.58 АҚШ долларына және Лондонда 49.23 долларға жетті.

Мұнай бағасының көтерілуіне Ресей министрінің тағы бір мәлімдемесі де әсер еткен. Александр Новак Сауд Арабиясының "Ашарк ал-Аусат" газетіне берген сұқбатында "Ресей өндіріс саласын уақытша тоқтатуы мүмкін" деген болатын.

Ресей мен Сауд Арабиясы – әлемдегі мұнайды ең көп экспорттаушы елдер.

Өткен аптада Сауд Арабиясының энергетика министрі OPEC-тің келесі айдағы кездесуінде бағаны тұрақтандыру туралы келісім жасалуы мүмкін және бұған ұйымға мүше емес Ресей де қосылады деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG