Accessibility links

IWF Қазақстан ауыр атлетика құрамасын жарыстан 1 жылға шеттетпек


Илья Ильин 2012 жылғы Лондон олимпиадасы ойындарында.

Илья Ильин 2012 жылғы Лондон олимпиадасы ойындарында.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) РИо Олимпиадасы аяқталған соң Қазақстан, Ресей және Беларусь ауыр атлеттерін жарыстан шеттетеді деп хабарлайды ақпарат құралдары.

France Press агенттігінің IWF басшысы Томаш Аянға сілтеме жасап хабарлауынша, Рио Олимпиадасы аяқталған соң аталған үш елдің федерацияға мүшелігін уақытша тоқтату жоспарланып отыр. Оның сөзінше, допинг сынамаларды қайтара тексерген соң тағы бірнеше мемлекет жарыстан шеттетілуі мүмкін.

IWF атқарушы комитеті 22 маусымда егер 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алынған сынамаларды қайта тексеру қорытындысы үш немесе одан да көп спортшысынан оң нәтиже шыққан мемлекет бір жылға жарыстан шеттетілетіні туралы қаулы шығарған.

IWF өткен айда Қазақстан ауыр атлетика құрамасының Рио Олимпиадасына қатысуына рұқсат етіп, ал жарыстан бір жылға шеттеткен. Бұл шешім қашаннан бастам күшіне енетіні айтылмаған еді.

Маусымда IWF 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында алынған допинг сынамалары оң нәтиже көрсеткен спортшылар тізімін жариялаған. Тізімде қазақстандық Илья Ильин де бар.

Бұған дейін IWF Ильиннің 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алынған сынамасынан допинг табылғанын хабарлаған. Сонымен қатар Лондонда алтын алған қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манезаның сынамаларынан да допинг белгілері табылған.

XS
SM
MD
LG