Accessibility links

Қазақстанда алғашқы әйел әскери құрылымды басқарады


Қазақстан әскері (Көрнекі сурет).

Қазақстан әскері (Көрнекі сурет).

Қазақстанда алғаш болып жергілікті әскери басқару органына басшылық қызметке әйел әскери тағайындалды деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. Подполковник Гаухар Сырлыбаева Алматының Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы болып тағайындалған.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан қарулы күштерінде қазір 8 мыңнан астам әйел қызмет етеді. 880-нен астам әйел офицерлік әскери шен алған. Олардың 15-і полковник, 41-і подполковник, 134-і майор шенінде және 690 әйелдің кіші офицерлік шені бар.

Әйелдер армияда медбике, байланысшы, іс жүргізуші, мерген, барлаушы, инженер қызметтерін атқарады.

XS
SM
MD
LG