Accessibility links

Ресей: Сирияға Ираннан соққы жасау БҰҰ қарарын бұзбайды


Ресейдің Сирия территориясын бомбалап жүрген Ту-22М3 ұшағы. 16 тамыз 2016 жыл.

Ресейдің Сирия территориясын бомбалап жүрген Ту-22М3 ұшағы. 16 тамыз 2016 жыл.

Мәскеу АҚШ-тың Ресей әскери-әуе күштерінің Сириядағы содырларға Иранның әуе базасынан соққы жасауы БҰҰ қарарын бұзады деген айыбын қабылдамай тастады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне "АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарын түсіндіруі теріс және бізде түсінбеушілік тудырады" деген.

Ресей 16 тамызда Сирия территориясына Иранның Хамадан әуе базасынан әуеден соққы жасай бастаған соң АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонер операция Иранға әскери ұшақ кіргізуге тыйым салатын қарарды бұзады деп мәлімдеген.

Ресей билігінің аты-жөнін атамаған дереккөзі агенттікке Ресей әскери ұшақтары Иранда болуы қарар мен оның мәніне қайшы келмейтінін айтқан.

Иран парламентінің спикері Әли Ларижани 17 тамызда Ресейдің Иранда тұрақты әскери базасы жоғын, бірақ Тегеран Мәскеумен "жақсы қарым-қатынаста екенін және оны айқын әрі ашық айта алатынын" мәлімдеген.

Ресей қорғаныс министрлігі кеше әскери-әуе күштерінің Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы және Су-34 жойғыш ұшақтары кешеден бері Сирияда "Ислам мемлекеті" ұйымының бекіністерін бомбалап жатқанын айтады. Қорғаныс миинстрлігі шабуылдарда 150-ден астам содыр, оның ішінде шетелдік жалдамалылар да қаза тапты дейді.

XS
SM
MD
LG