Accessibility links

Медведев губернаторлардан "өмірдің қиындығы туралы айтпауды" сұрады


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі. Псков, 16 тамыз 2016 жыл.
Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі. Псков, 16 тамыз 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев өзіне өңірлерде ақша жоғын айтып налыған губернаторларға "Өмірдің қиындықтары туралы айтпауларыңызды сұраймын: бұл - күрделі нәрсе" деді.

Кеше Медведев Псков облысына барғанда аймақ басшылары бюджетте қаржы тапшылығын айтып, мемлекеттен қолдау көрсетуді сұраған. Бірақ премьер-министр "дұрысы, әр аймақ өз ақшасын өзі табуы тиіс" екенін айтып, Псков облысына туризмді дамытуға кеңес берді.

Медведевтің бұл жаңа қатқыл сөзін жергілікті ақпарат құралдары бірден хабарлап, ол интернетте тез тарады.

Соңғы айларда Медведевтің айтқандары бірнеше рет сынға ұшырап, әжуаға айналған. Мамыр айының соңында Қырым тұрғындары Медведевке зейнетақының аз екеніне наразылығын білдірген еді. Премьер елде ақша жоғын айтып, қырымдықтарды "шыдай тұруды" сұрап, оларға жақсы көңіл-күй мен денсаулық тілеген. Медведевтің дағыстандық мұғалімнің жалақының аздығы туралы сауалына берген жауабы да дау тудырған. Ол мұғалімге "я бизнеспен айналысуға, я көніп, мойындауға" кеңес берген.

Премьердің бұл сөздерінен соң интернетте Медведевтің отставкаға кетуін талап ететін петиция пайда долған. Осы кезге дейін петицияға 279 мыңнан астам қол қойылған.

XS
SM
MD
LG