Accessibility links

Тәжікстан президенті жаппай рақымшылық жасауды ұсынды


Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон парламент қарауына жаппай рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы бойынша үш мыңнан астам тұтқын бостандыққа шығарылып, шартты жаза немесе бас бостандығын айырумен байланысты емес жаза кесілген төрт мыңнан астам адам толықтай жазадан босатылмақ. Сонымен қатар бес мың адамның қылмыстық ісі жабылып, я қысқартылуы мүмкін.

Рақымшылыққа әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар мен жасы 55-тен асқан ер адамдар, соғыс ардагерлері мен әскери операцияларға қатысқандар да ілігуі мүмкін. Кісі өлтіру, терроризм, діни экстремизм және осыған ұқсас басқа да айыптар тағылып сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.

Тәжікстандағы рақымшылық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай ұсынылып отыр. Болжам бойынша, депутаттар президенттің ұсынысын қолдауы мүмкін. Құқық қорғау ұйымдары көп жыл бойы тәжік билігін үкімет пен оның саясатына қарсыларды басып-жаншу үшін терроризмге қарсы заңдарды қолданады деп санайды.

XS
SM
MD
LG