Accessibility links

Назарбаев Елеусіновті Риодағы жеңісімен құттықтады


Данияр Елеусінов Рио олимпиадасынығ ақтық сайысынан соң. 18 тамыз 2016 жыл.

Данияр Елеусінов Рио олимпиадасынығ ақтық сайысынан соң. 18 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновті Рио Олимпиадасының финалында жеңіске жеткенімен құттықтады. 18 тамыз күні финалда 69 килограмм салмақта жұдырықтасқан Елеусінов Өзбекстан боксшысы Шахрам Гиясовты айқын басымдықпен жеңген.

Бүгін президенттің ресми сайтында жарияланған Назарбаевтың құттықтау телеграммасында Елеусіновтің жеңісі жастардың боксқа қызығушылығын арттыруға септігін тигізетіні айтылады.

69 килограмм салмақтағы қазақстандық боксшылар осымен төртінші Олимпиада қатарынан алтын медальді иеленіп отыр. Бұл салмақта Афиныда Бақтияр Артаев, Пекинде Бақыт Сәрсекбаев, Лондонда Серік Сәпиев чемпион атанған.

XS
SM
MD
LG