Accessibility links

Сот белсенді Әбжанның бас бостандығын бір жылға шектеді


Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.

Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты бүгін азаматтық белсенді Махамбет Әбжанға бүгін бір жылға бас бостандығын шектеп, 100 айлық есептік көрсеткіш (немесе АЕК, бір айлық есептік көрсеткіш - 2121 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Әбжанды "полиция қызметкерін қорлады", "билік өкіліне бағынбады, күш қолданды" деп айыптады. Әбжан өзіне тағылған тағы бір айып - "озбырлық таныту" айыбы бойынша ақталды.

- Судья Елизавета Атшыбаева мені "билік өкілін қорлау", "билік өкіліне бағынбау" және "күш қолдану" айыптары бойынша кінәлі деп тауып, алғашқы екі айыптың әрқайсысы бойынша 50 АЕК-тен айыппұл салу, үшінші бап бойынша бір жылға бас еркіндігімді шектеуге үкім шығарды, - дейді Махамбет Әбжан.

Сот шешімі бойынша белсендіге көңіл-көтеру орындарына баруға, тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды.

15 тамызда өткен соттың жарыссөзінде прокурор соттан Махамбет Әбжанның бас еркіндігін екі жылға шектеуді сұраған.

Полицияның ұйғарымынша, белсенді мамыр айында Астанадағы салық қызметінде жанжал тудырып, бұдан соң оқиға орнына барған полиция қызметкерлері одан полицияға барып, түсінік беруді сұараған. Бірақ Әбжан одан бас тартып, "қарсылық танытып, полицияның қызметтік киімінің қалтасын жыртқан".

Әбжанның өзі айыпта "үйлеспейтін тұстар" барын айтады. Оның сөзінше, полицейлердің бірі қай жақ қалтасы жыртылғанын нақты айта алмаған. Ол сонымен қатар материалдан оның ұсталған уақыты жоғалып кеткенін айтады. Әбжан полиция өзін әлеуметтік желіде 21 мамырға белгіленген Қазақстандағы жер реформасына қатысты наразылық митингілері туралы жазбасына бола ұстады деп санайды.

Махамбет Әбжан бұған дейін "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыппен сотталып, үш жыл түрмеде отырған. Жақтастары ол айыптың саяси астары бар дейді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG