Accessibility links

Ақмола облысында өрттен төрт адам қаза болды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында жекеменшік үйде шыққан өрттен төрт адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралы. Құрбандардың арасында бір бала бар.

Департамент мәліметіне қарағанда, Шортанды ауданы Новокубанка ауылындағы бір қабатты жекеменшік үйдегі өрт 17 тамыз күні түнде шыққан. Өрт орнынан екі жастағы бала мен үш ересек адамның денелері табылған.

Өрт себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG