Accessibility links

Қырғыз экс-премьері конституцияға өзгерістерді "шынайы" талқылауға шақырды


Темір Сариев, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі.

Темір Сариев, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Темір Сариев конституцияға ұсынылған өзгерістерді талдау үшін арнайы орган құруды ұсынды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Сариевтің Қырғызстан социал-демократиялық партиясының, "Республика - Ата-Жұрт" партиясының, "Қырғызстан" партиясы, "Онугуу-Прогресс" және "Бир Бол" партияларының парламенттегі фракциялары жетекшілеріне жолдаған хатында қоғамдық талқылауға ұсынылған 30 күн ішінде өзгерістерге талдау жасап, барлық ұсынысты жинау, сараптама жасау және конституцияға өзгерістер туралы шешім қабылдау өте қиын екені айтылады.

"Егер бұл бүкілхалықтық талқылау болса, онда халықтың ұсынысын кім жинап, оны бағалайды? Егер мұнымен билікте отырған партиялар айналысса онда ондай процедураның заңдылығына күмән туатыны айдан анық" дейді Сариев. Оның пікірінше, конституциялық жиын түріндегі құрылым құрып, оның құрамына билік, оппозиция өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кіруі тиіс.

Саясаткер осылай істегенде ғана жалпыхалықтық талқылауды толық жүрді деп айтуға болатынын, ал енгізілетін өзгерістер сапалы шығатынын айтады.

Сариев конституциялық реформаны жақтайтындар да, оған қарсылар да барын ескертіп, ұсынылған өзгерістерді әділетті, шынайы және ашық түрде талқылау керегін айтты. Оның сөзінше, барлық қоғамдық-саяси салмағы бар күштердің, бұл саладағы барлық білікті мамандардың пікірін тыңдау керек.

Конституцияға өзгерістер енгізу ұсынысына алты партия фракциясы арасынан Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, "Республика - Ата-Жұрт" партиясы, "Қырғызстан" партиясы, "Онугуу-Прогресс" және "Бир Бол" партияларының фракциялары қол қойған. Реформалардың басты мақсаты үкіметтің құзыретін күшейтіп, сот реформасын жеделдету деп аталған. Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум күзге жоспарланған. Әзірге тиісті заң жобалары қоғамдық талқылауда.

XS
SM
MD
LG