Accessibility links

Ресейде сталиндік қуғын құрбандары бейнеленген қабырғаға бояқ шашып кетті


Боровск қаласындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары бейнеленген қабырғаға шашылған бояқ. Ресей, 18 тамыз 2016 жыл.
Боровск қаласындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары бейнеленген қабырғаға шашылған бояқ. Ресей, 18 тамыз 2016 жыл.

Ресейдің Калужский облысының Боровск қаласында белгісіз адамдар сталиндік репрессия жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың аттары мен суреттері ілінген қабырғаға бояқ шашып кетті. Қабырғадағы суреттер мен адамдардың аттаын суретші Владимир Овчинников салған.

Суретшінің жазушы, "ГУЛАГ архипелагы" кітабының атворы Александр Солженицын мен қуғынға ұшыраған өзге ондаған адамды бейнелеген қабырғадағы бояқ шашылғанға дейін және кейін түсірген көріністерін "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде қолданушы Алена Митина жариялады.

Қаланың қуғынға ұшыраған тұрғындарының суреттеріне қызыл және сары бояқ шашып кеткен. Бейнелер арасынан "ЦСКА" және "Спартак" деген жазуларды байқауға болады.

XS
SM
MD
LG