Accessibility links

Ресей шетелдік екі ҮЕҰ-ны "ұнамсыз" деп таныды


Халықаралық республикалық институт ұйымының логотипі (Көрнекі сурет).

Халықаралық республикалық институт ұйымының логотипі (Көрнекі сурет).

Ресей бас прокуратурасы шетелдік екі үкіметтік емес ұйымды (ҮЕҰ) "мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін ұнамсыз ұйым" деп таныды. "Интерфакс" агенттігінің бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-та орналасқан Халықаралық республикалық институт (International Republican Institute) пен БАҚ-тың дамуына инвестиция салу қоры (Media Development Investment Fund) "ұнамсыз ҮЕҰ" деп танылған.

Прокурорлар бұл екі ҮЕҰ қызметі "Ресейдің конституциялық құрылымы негіздері мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп тапқан.

Халықаралық республикалық институт пен БАҚ-тың дамуына инвестиция салу қоры бұған дейін "ұнамсыз шетелдік үкіметтік емес ұйымдарының" стоп-тізіміне енгізілген.

Халықаралық республикалық институттың директорлар кеңесінің төрағасы - АҚШ сенаторы Джон Маккейн. Ұйымды АҚШ үкіметі, конгресс, жеке корпорациялар мен қорлар қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG