Accessibility links

Ниязымбетов - олимпиаданың күміс жүлдегері


Әділбек Ниязымбетов Рио олимпиадасында күміс алған сәт. 18 тамыз 2016 жыл.

Әділбек Ниязымбетов Рио олимпиадасында күміс алған сәт. 18 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында 81 килограмм салмақта бокстасқан Қазақстан боксшысы Әділбек Ниязымбетов күміс жүлде иеленді. Ол финалда кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездесіп, 0-3 есебімен жеңілді.

Ниязымбетов Ла Крузбен осымен үшінші рет жекпе-жекке шыққан. Үш кездесуде де кубалық басым түсті. Риодағы жекпе-жекте Ла Крус рингте жылдам қозғалып, қарсы шабуыл соққыларын дәл жасаумен болды. 2012 жылы Ниязымбетов Лондон олимпиадасының финалына шығып, ресейлік Егор Мехонцевтен жеңілген.

Риодағы Қазақстан олимпиадалық құрамасында 13 олимпиада жүлдесі бар.

Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзгіш Дмитрий Баландин, боксшы Данияр Елеусінов олимпиада чемпионы атанған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс) күміс медаль еншілеген. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков (үшеуі де - ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Элмира Сыздықова (әйелдер күресі) қола медаль иеленген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG