Accessibility links

Әуе шабуылынан тірі қалған бала Сириядағы соғыс символына айналды


Алеппо қаласындағы әуе шабуылынан кейін түсірілді делінген, әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы тірі қалған бала. 18 тамыз 2016 жыл.

Алеппо қаласындағы әуе шабуылынан кейін түсірілді делінген, әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы тірі қалған бала. 18 тамыз 2016 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында әуе шабуылынан тірі қалған ұл бала оның суреті ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен соң Сириядағы соғыстың символына айналды.

Баланың суретін түсірген журналист әуе шабуылынан сегіз адам, оның ішінде бес баланың қаза тапқанын айтады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәлімдеуінше, әуе шабуылын Сирия президенті Башар Асад армиясының ұшақтары жасаған.

Тамыздың басында БҰҰ Алепподағы ахуал гуманитарлық апат жағдайында деп мәлімдеген. Бомбалау толастамай тұрған Алеппо қаласында сумен және электр қуатымен жабдықтау жүйелері қираған. БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) жаздың ыстық болып, судың жоқтығынан Алепподағы балалардың денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр деп мәлімдеген.

Сириядағы зорлық-зомбылықты құжаттау орталығының хабарлауынша, елдегі соғыстан 14 мыңнан астам бала құрбан болған. Сирияда бес жылдан асқан соғыстан барлығы 280 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG