Accessibility links

ИМ Мәскеу түбіндегі полицияға шабуылды мойнына алды


Мәскеу түбінде белгісіз адамдардың жол-полициясы бекетіне шабуылынан кейін. Ресей, 17 тамыз 2016 жыл.

Мәскеу түбінде белгісіз адамдардың жол-полициясы бекетіне шабуылынан кейін. Ресей, 17 тамыз 2016 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы 17 тамызда Мәскеу түбінде жол-күзет полициясы бекетіне жасалған шабуылды мойнына алды. Бұл туралы исламшылдардың интернеттегі белсенділігін зерттейтін SITE Intelligence Group хабарлады.

17 тамызда Мәскеуден бірнеше километр қашықтықта болған шабуылдан екі полиция қызметкері ауыр жараланған. Шабуыл жасаған екі адамның көздері жойылған. Ресейлік "Коммерсант" басылымы шабуылды Шешенстаннан шыққандар жасаған дейді.

Бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті шабуыл қаруды тартып алу әрекетімен немесе тұрмыстық жанжалдан жасалған болуы мүмкін деп хабарлаған. ИМ Ресейде жасалған шабуылдарды бірінші рет мойнына алып тұрған жоқ. Бұған дейінгі ИМ мойнына алған шабуылдар Солтүстік Кавказда болған.

XS
SM
MD
LG