Accessibility links

Қостанайда облысында әкімдік шенеунігі "пара алып" ұсталған


Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қостанай облыстық жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Д.Жансейітов пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлады коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті.

Департамент ақпаратына қарағанда, Жансейітовтің "қол астындағы бөлім жетекшісі Ю.Григоренко арқылы жеке тұлғадан оның облыс территориясында бағдаршамдар орнату жұмыстарының орындалғаны туралы құжатқа қол қойдыру және жалпы қамқорлық таныту үшін 2 миллион теңге алғаны" анықталған.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросы Жансейітов пен Григоренко кінәсін мойындағанын және сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG