Accessibility links

Ақтөбеде "Сирияға бармақ болған" тұрғынның соты басталды


Ақтөбе соты (Көрнекі сурет).
Ақтөбе соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде терроризмді насихаттады және әлеуметтік, діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған жергілікті тұрғын Н.Б.Өмірбековтің ісі бойынша сот басталды. Өмірбековке сонымен қатар адам ұрлады, кісі тонады және бопсалады деген айыптар тағылған. Бұл үш айып оның күдікті екі серігі Р.Р.Жаңажанов пен Р.Д.Бердешевке де тағылған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сотта үш күдікті де өздеріне тағылған айыпты "ішінара мойындайтынын" мәлімдеді.

Сотталушылар сот залында өздерін суретке түсіруге рұқсат етпеді. Судья журналистерге аудиожазба жасауға рұқсат етті.

Сот материалдары бойынша, 2011 жылы кісі өлтірді деген айыппен қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеген Өмірбеков діни көзқарасын "радикалдық сипатқа" өзгертіп, "Сирия мен Ирактағы оқиғаларға қызыға бастаған". Тергеушілер Өмірбеков 2015 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан соң "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "қарулы жиһад" жасауға шақырған экстремистік материалдарды тарата бастаған.

Тергеушілер Өмірбеков, биыл ақпанда "Сирия мен Иракқа экстремистік топтар қатарына қосылуға кету үшін қаржы табу мақсатында" Жаңажанов және Бердешевпен бірге жергілікті тұрғыннан бес миллион теңге бопсалаған дейді.

XS
SM
MD
LG