Accessibility links

Мәскеу билігі "тамыз бүлігіне" арналған митинг өткізуге рұқсат етті


ГКЧП-ға қарсы азаматтар Мәскеуге кірген танктердің жолын бөгеп тұр. Ресей, Мәскеу, 19 тамыз 2016 жыл.
ГКЧП-ға қарсы азаматтар Мәскеуге кірген танктердің жолын бөгеп тұр. Ресей, Мәскеу, 19 тамыз 2016 жыл.

Мәскеу билігі "тамыз бүлігіне" 25 жыл толуына байланысты оппозицияның митингісін өткізу жоспарына рұқсат берді. ТАСС агенттігінің Мәскеудің аймақтық қауіпсіздік департаментінің басшысы Алексей Майоровқа сілтеме жасап хабарлауынша, билік оппозицияға 20 және 22 тамыз күндері 100 адамға дейін қатысатын митинг өткізуге рұқсат еткен.

Оның сөзінше, митингіге қатысушыларға Ақ үйден өтіп, Жаңа Арбаттағы "Ресейдегі демократияны қорғаушылар" ескерткіш белгісінде жиналуға рұқсат етілген.

16 тамызда Мәскеу мэриясы "тым көп іс-шара" мен көшелердің жөнделіп жатқанын алға тартып, жыл сайынғы дәстүрлі митингіні өткізуге келісуден бас тартқан. Мәскеу билігі мұның орнына Сокольник және Суворовский алаңдарындағы "гайд-парк" аталып кеткен жерде митинг өткізуді ұсынған. Митингіні ұйымдастырушылар Лев Пономарев пен Михаил Шнейдер бұл ұсынысты қабылдамай қойған.

25 жыл бұрын, 1991 жылы 19 тамызда СССР үкіметі мен КПСС орталық комитетінің кейбір мүшелерінен құралған топ елде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетін (ГКЧП) құрып, Қырымдағы Форос саяжайында демалып жатқан СССР президенті Михаил Горбачевті үйқамаққа алды. Сол күні Мәскеуге танкілер енгізіліп, орталық телеарналардан балет көрсетіле бастады. Ресей президенті Борис Ельцин ГКЧП әрекетін "мемлекеттік төңкеріс" және "заңсыз" деп атады. Үш күнге созылған бүлік сәтсіздікке ұшырады.

XS
SM
MD
LG