Accessibility links

Левит-Тищенко төрешілері Риода төрелік етіп жатқан жоқ


Қазақстан боксшысы Левит (оң жақта) олимпиаданың марапаттау рәсімінде залды тыныштық сақтауға шақырып тұр. 15 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан боксшысы Левит (оң жақта) олимпиаданың марапаттау рәсімінде залды тыныштық сақтауға шақырып тұр. 15 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақта қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы финалда төрелік еткен үш төреші 16-18 тамыз аралығында өткен 30 астам кездесуде бір де бір мәрте төрелік еткен жоқ.

Риода жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Херардо Погги (Аргентина), Майкл Галлахер (Ирландия) және Хейра Якуб Сиди (Алжир) соңғы үш күнде өткен кездесулерде жұмыс істеген төрешілер қатарына енбеген.

15 тамызда өткен финалда төрешілер шешімімен ресейлік Тищенко Қазақстан боксшысы Василий Левитті жеңген. Финалдан соң жанкүйерлер, халықаралық басылымдар мен бокс сарапшылары төрешілер шешіміне наразы болып, дау туған. Олар финалда Левит айқын жеңгенін айтып, төрешілер шешімі қате болғанын сынаған.

Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио олимпиадасында өткен 239 кездесуді cараптап, кейбір нәтижелердің талапқа сай болмағанын мәлімдеген. Ұйым кейбір төрешілердің олимпиадада төрелік ету құқығынан айырылғанын, бірақ кездесу нәтижелері өзгермейтінін де хабарлады. Бірақ ресми мәлімдемеде қай төрешілердің жарыстан шеттетілгені айтылмаған еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG