Accessibility links

Олимпиада чемпионы атанған бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны қайтыс болды


Нина Пономарева.

Нина Пономарева.

СССР тарихындағы алғашқа олимпиада чемпионы Нина Пономарева (Ромашкова) жұма күні 87 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Нина Ромашкова 1929 жылы Свердлов облысындағы Смычка кентінде советтік лагерьлер бас басқармасына (ГУЛАГ) қарасты баракта туған. Совет өкіметі оның әкесін дін қызметкері, анасы – «кулактың» қызы ретінде тұтқындаған. 1936 жылы ата-анасы босап шыққанға дейін Нина Ромашкова де лагерьде болған.

1952 жылы Хельсинкиде өткен олимпиада ойындарында Нина Ромашкова спорттық табақша лақтырудан рекорд орнатып, СССР тарихында алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Ол 1956 жылы Мельбурндағы олимпиадада қола жүлде иеленген. Ал 1960 жылы Рим олимпиадасында тағы да алтын медальді жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG