Accessibility links

Бүгін, 20 тамыз күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 125 километр қашықтықта 4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,1.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG