Accessibility links

Универсиада-2017 медалі мен белгісінің нұсқалары бекітілді


Алматыдағы қысқы спорт ойындары үшін салынған трамплин кешені. 23 қыркүйек 2012 жыл.

Алматыдағы қысқы спорт ойындары үшін салынған трамплин кешені. 23 қыркүйек 2012 жыл.

Алматыда бүгін 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиада ойындарының таңбасы мен медальдарының дизайны бекітілді деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің отырысында қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекция жетекшісі Наиль Нуров Универсиада-2017 ойындарының таңбасы ретінде құс балапанының ұсынылып отырған үшінші нұсқасы екенін хабарлады. Оны «Сұңқар» деп атау ұйғарылды. Құс бейнесіне ұлттық нақыштағы элементтер салынатын болды.

Наиль Нуров сонымен бірге студенттердің қысқы ойындарының алауын тұтату рәсімі бір жерде емес, барлық облыс орталықтарында, Алматы мен Астанадағы 19 жоғары оқу орындарында өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Сонан кейін алауларды Универсиаданың ашылу салтанатына Алматыға жеткізеді. Алау эстафетасы қаңтардың 25-і басталады деп жоспарланған.

Ұйымдастыру комитетінің отырысында қысқы Универсиада медальдары да таныстырылды. Классикалық стильде алтын, күміс және қола түстес етіп темір қоспаларынан дайындалған медальдар қазақстандық теңге сарайында жасалынады. Медальдің бетінде халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) логотипі, Универсиада атауы және өтетін орны, ал сырт жағында Универсиада логотипі салынған.

XS
SM
MD
LG