Accessibility links

Усейн Болт тоғыз мәрте олимпиада чемпионы атанды


Ямайкалық желаяқ спортшы Усэйн Болт. Рио, 19 тамыз 2016 жыл.
Ямайкалық желаяқ спортшы Усэйн Болт. Рио, 19 тамыз 2016 жыл.

Ямайкалық әйгілі спортшы Усэйн Болт Рио олимпиадасында ерлер арасында 4x100 метрге өткен эстафеталық жарыста үшінші алтынды жеңіп алып, тоғыз мәрте олимпиада чемпионы атанды.

Ямайка құрамасы спорттың бұл түрінен осымен қатарынан үшінші рет олимпиада финалында бәсекелестерінің бәрінен озып отыр. Болт жарыстың соңғы – төртінші кезеңінде жүгіріп, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Жапония құрамасы иеленіп, АҚШ командасы мәреге үшінші болып жеткен еді. Бірақ жолдан шығып кеткендіктен, олардың нәтижесі жойылып, қола жүлде Канада спортшыларына берілді.

Осыдан бір күн бұрын Болт 200 метр қашықтыққа өткен жарыста жеңімпаз атанған, ал оның алдында 100 метрлік жарыста алтынды жеңіп алған.

Бұған дейін Усэйн Болт Рио олимпиадасынан соң үлкен спорттан кетпек ойы барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG