Accessibility links

Исаев Әзірбайжанға Рио олимпиадасындағы алғашқы алтынды әперді


Таэквондодан Рио чемпионы атанған әзербайжандық спортшы Радик Исаев.

Таэквондодан Рио чемпионы атанған әзербайжандық спортшы Радик Исаев.

Әзербайжандық таэквондошы Радик Исаев 80 келіден жоғары салқма дәрежесінде өткен финалдық сайыста Нигер елінің өкілі Иссуфу Абдулразакты жеңіп, олимпиада чемпионы атанды. Бұл Риода Әзербайжан құрамасы қоржынына түскен алғашқы алтын жүлде. Қазір одан бөлек 4 күміс және 10 қола медальмен Әзербайжан жүлде саны бойынша 39-орында.

Ал жүлде саны бойынша тізімді 43 алтын, 37 күміс және 36 қола еншілеген АҚШ құрамасы бастап тұр. Екінші орындағы Ұлыбритания спортшылары осы кезге дейін 27 алтын, 22 күміс және 17 қола иеленген. Үшінші орында 26 алтын, 18 күміс және 26 қола алған Қытай командасы орналасқан.

Қазақстан ұлттық құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 21-орында тұр.

XS
SM
MD
LG