Accessibility links

Газиантептегі жарылыс құрбандарының саны 50 адамға жеткен


Жарылыстан зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. Газиантеп, 20 тамыз 2016 жыл.

Жарылыстан зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. Газиантеп, 20 тамыз 2016 жыл.

Түркия билігі Газиантеп қаласында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 50 адамға жеткені туралы мәлімдеді. Сенбінің кешінде үйлену тойына қатысып жатқан жұрт көшеге шыққан кезде күшті жарылыс болған. Бұған дейін оқиға салдарынан 30 адам қаза тауып, 94 адам зардап шеккені туралы хабарланған.

Түркиялық ақпарат құралдары жарылысты жанкешті жасаған деп хабарлады. Түркия президенті Режеп Ердоған жарылысқа «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын айыптады.

Сирия шекарасынан 64 шақырым жерде орналасқан Газиантеп қаласында негізінен күрдтер тұрады. Түркияда күрдтер көп қоныстанған оңтүстік-шығыс аймағында былтыр бірнеше жарылыс болған. Билік орындары ол жарылыстарды не күрд сепаратистерімен, не «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG