Accessibility links

Симферопольде полиция наразылық шеруін күшпен таратты


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) бүкілресейлік жастар форумында. Қырым, 19 тамыз 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) бүкілресейлік жастар форумында. Қырым, 19 тамыз 2016 жыл.

Симферопольде полиция «Алданған Қырым» («Обманутый Крым») шеруіне шыққан азаматтарды күшпен таратып, бірнеше белсендіні ұстаған. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушылардың бірі Илья Большедворов хабарлаған. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері шараны өткізуге тыйым салынғаны туралы ешқандай құжат көрсетпеген.

«Крым.Реалии» сайтының хабарлауынша, шеруге 50-ге жуық адам келген. Олар Ресей түбекті аннексиялап алғаннан кейін Кремль тағайындаған шенеуніктердің коррупцияға батқаны және олардың қылмыс әлемімен байланысы туралы Ресей президентіне үндеу жасамақшы болған.

«Қырымның Ресейге қайта оралғанына екі жыл өтті, бірақ Қырымға Ресей сол күі жетпеді» дейді белсенділер. Осы үндеумен бірге бүгін билік өкілдері өткіздірмей тастаған акцияны ұйымдастырушылар жергілікті полицияның іс-әрекетіне қатысты Ресей президентінің қабылдау бөліміне шағым жолдаған.

Украина құрамындағы Қырымды 2014 жылы наурызда Мәскеу, түбекте өткізілген «референдум» нәтижесін алға тартып, өзіне қосып алған. Батыс елдері мен Украина Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын халықаралық құқық нормаларына қайшы дейді.

XS
SM
MD
LG