Accessibility links

Клинтон кампаниясының менеджері: Трамп Кремльдің қуыршағы болуы мүмкін


АҚШ президенттігіне кандидаттар - Дональд Трамп және Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне кандидаттар - Дональд Трамп және Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтонның сайлауалды кампаниясының менеджері Робби Мук республикашыл кандидат Дональд Трамп өзінің сайлау кампаниясына "Кремльдің қаншалықты қатысы барын" түсіндіруі тиіс деп мәлімдеді. Робби Мук бұл туралы 21 тамызда ABC News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Бұдан бірнеше күн бұрын Трамптың сайлауалды штабының басшысы Пол Манафорт отставкаға кеткен еді. Манафорттың отставкасына оның Украинаның кремльшіл және шетел агенті ретінде тіркелмеген партиясына лоббилік жасайтыны туралы ақпараттың пайда болуы себеп болған

Робби Мук сұхбатында "Манафорт қызметінен кетірілді, бірақ бұл Трамптың кампаниясынан ресейліктер жойылды дегенді бідірмейді" деді. Ол "Дональд Трамптың өзі бұл бәсекеде Кремльдің қуыршағы емес пе деген маңызды сұрақ туындайды" деді.

Бұған дейін Дональд Трамп егер президент болып сайланса Мәскеумен қарым-қатынасын жақсартатынын мәлімдеген. Бірақ ол президенттік қызмет үшін күресіне Ресей билігі көмектеседі деген болжамды "күлкі келтіреді" деп атады. Кремль де мұндай болжамды терістейді.

XS
SM
MD
LG