Accessibility links

Исинбаева Халықаралық олимпиада комитетіне сайланды


Елена Исинбаева, ресейлік атлет.

Елена Исинбаева, ресейлік атлет.

Ресейлік атлет, Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Елена Исинбаева Халықаралық Олимпиада комитетіне сайланды. Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың соңғы күні ХОК-тің бес мүшесін сайлауға дауыс беру өтті. Исинбаеваны 45 адам қолдап, 23 адам қарсы дауыс берді. Ол сегіз жылға сайланды және енді атлеттердің мүддесін қорғамақ.

34 жастағы сырықпен секіруші, алты мәрте әлемдік рекорд орнатқан Исинбаева өткен аптада спорттан кететінін мәлімдеген. Ол Ресей құрамасындағы допинг дауы кесірінен Бразилиядағы ойындарға қатыстырылмады.

XS
SM
MD
LG