Accessibility links

Шахматшы Сәдуақасова - жастар арасындағы әлем чемпионы


Шахматшы Динара Сәдуақасова.

Шахматшы Динара Сәдуақасова.

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды. Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, Сәдуақасова Үндістанның Бхубанесвара қаласында өткен 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған. Жарысқа әлемнің 20 жасқа дейінгі 57 шахматшысы қатысқан.

Динара Сәдуақасова мүмкін боларлық 13 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, алға шыққан. Екінші орынды Ресей, үшінші орынды Үндістан шахматшысы иеленген.

Чемпионатты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) басшылығымен Бхубанесвараның КИИТ университетінің Орисса шахмат ассоциациясы ұйымдастырған. Жарыс екі аптаға созылып, 13 кезеңнен тұрған.

Динара Сәдуақасова 2012 жылы "Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер" атағын иеленген.

XS
SM
MD
LG