Accessibility links

Қырғызстан Өзбекстанмен шекарасын уақытша жапты


Қырғызстанның Өзбекстанмен шекаралық бақылау бекеті (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Өзбекстанмен шекаралық бақылау бекеті (Көрнекі сурет).

Қырғызстан 22 тамыздан бастап Өзбекстанмен шекарасын уақытша жапты. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, шекара Өзбекстан жағының сұрауы бойынша 1 қыркүйекте Өзбекстанның тәуелсіздігі күні мерекесін атап өту және оған дайындық шараларын жасауына байланысты жабылған.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қырғызстан азаматтарының Өзбекстанға кіруі немесе керісінше өзбекстандықтардың Қырғызстанға кіруі уақытша шектеледі. Бірақ еліне қайтқан екі елдің азаматтары қырғыз-өзбек шекарасынан кедергісіз өте алады.

Қырғыз-өзбек шекарасынан үшінші ел азаматтары, дипломатиялық корпус қызметкерлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері белгіленген тәртіп бойынша өтеді.

XS
SM
MD
LG