Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея жыл сайынғы әскери жаттығуын бастады


АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері қос Кореяны бөліп жатқан қарусыз аймаққа жақын Пхаджуда территорияда жаттығу бастады. Пхаджу, 22 тамыз 2016 жыл.

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері қос Кореяны бөліп жатқан қарусыз аймаққа жақын Пхаджуда территорияда жаттығу бастады. Пхаджу, 22 тамыз 2016 жыл.

Оңтүстік Корея мен АҚШ 22 тамызда Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея арасындағы қарусыз аймаққа жақын жыл сайынғы ауқымды әскери жаттығуын бастады. Ulchi Freedom Guardian деп аталатын жаттығуға 25 мың америкалық әскери мен Оңтүстік Кореяның 50 мың әскері қатысып жатыр. Жаттығу 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Солтүстік Корея әскери басшылығы егер Сеул мен Вашингтон "қандай да бір басқыншылық белгісін байқатса" "сақтану мақсатында ядролық шабуыл" жасайтынын ескертті.

Пхеньян мұндай қоқан-лоқыны жиі жасайды.

Жаттығу Сеул Солтүстік Кореяның Лондондағы елшілігіндегі дәрежесі жөніннен екінші қызметкері "Пхеньяндағы басшылықтан түңіліп" Оңтүстік Кореяға қашып келгенін мәлімдегеннен бірнеше күннен кейін басталды. Солтүстік Кореяның ақпарат құралдары ол дипломатты "азғын әрі қылмыскер" деп атады.

Солтүстік Корея биыл қаңтарда төртінші рет ядролық сынақ жасап, ақпанда алыс қашықтыққа арналған зымыранын ұшырған. БҰҰ бұған жауап ретінде бұл елге қарсы санкцияларын күшейткен. Пхеньян бұдан соң бірнеше рет баллистикалық зымыран ұшырды.

XS
SM
MD
LG