Accessibility links

Малайзиялық әнші "исламға тіл тигізгені" үшін ұсталды


Малайзиядағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Малайзиядағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Малайзия полициясы белгілі әнші Уи Мэн Чиді Ислам дініне құрметтемеді деген бейне клипке байланысты шағымдардан соң қамады. Малайзия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Нэймуи" деген атпен белгілі әнші 21 тамыз күні Куала Лумпур халықаралық әуежайында ұсталған.

Шілде айында шыққан «О, Құдайым-ау» әнінің бейнебаянында Нэймуи мен басқа да әншілер буддистер мен таоистер храмдарының алдында, шіркеу ішінде және мешіт сыртында билеп, ән салғаны көрсетілген.

Бірнеше топ полицияға бейнебаянды исламға қорлайды деп шағымданған. Бірақ Нэймуи әні діндер үйлесімділігін насихаттауды мақсат тұтатынын айтады.

Өткен демалыста Youtube желісіне кадрда мешіті бар жерлері кесілген видео қайта жүктелді.

Мандарин тілінде ән айтатын Нэймуттың даулы есімі бірінші рет 2007 жылы шыққан. Ол кезде әнші Малайзия ән-ұранының сөздеріне ұқсайтын мәтінді рэп жанрында орындап, БАҚ-тың назарына ұшыраған.

XS
SM
MD
LG