Accessibility links

Малиден шыққан экстремист мәдени нысандарды қиратқанын мойындады


Исламшыл экстремист Гаагадағы Халықаралық сотта.

Исламшыл экстремист Гаагадағы Халықаралық сотта.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта мәдени ескерткіштерді қирату ісі бойынша өтіп жатқан тыңдауда күдікті - исламшылдар жетекшісі Ахмад әл-Махди кінәсін мойындады. Сотталушы Малидің Тимбукту қаласындағы қасиетті деп саналатын ежелгі тарихи нысандарды қиратуға қатысқанына "қатты өкінетінін" білдірді.

Ахмад әл-Махди соттағы сөзінде әлем мұсылмандарын мұндай қылмысты жасамауға шақырып, ескерткіштерді қирату ешқандай жақсылыққа әкелмейтінін мәлімдеді. Махди 2012 жылы Тимбуктуда тоғыз мазарды бұзған радикалдар тобына басшы болған.

Тимбуктудағы экстремистер бұзған мәдени ескерткіштердің көпшілігі 14-ғасырда салынған. Бұл дәуірде Малиде сауда-саттық дамып, ислам классикалық философиясындағы басты бағыттардың бірі - сопылық нығайған еді.

Махди - Халықаралық қылмыстық сот мәдени нысандарды қирату ісі бойынша сотқа тартып отырған алғашқы исламшыл экстремист.

XS
SM
MD
LG