Accessibility links

Саркози президенттік сайлауға тағы да түспек ниетте


Николя Саркози, Францияның бұрынғы президенті.

Николя Саркози, Францияның бұрынғы президенті.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози келесі жылы өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ ниетін жариялады.

"Мен кандидат атануға шешім қабылдадым. Мен еліміз тарихындағы ең бір қиын кезеңде бұл күресті жүргізуге күшім жетеді деп ойлаймын" деді Саркози Facebook-тегі парақшасында.

2007-2012 жылы Франция президенті болған 61-жастағы саясаткер Николя Саркози 2012 жылы Францияның іс басындағы президенті, қазір франциялықтар арасында танымалдығы азайып кеткен Франсуа Олландтан жеңілген.

XS
SM
MD
LG