Accessibility links

Иран: Ресей Хамадан базасын жанармай құю үшін пайдаланады


Әли Ларижани, Иран парламентінің спикері.
Әли Ларижани, Иран парламентінің спикері.

Иран парламентінің спикері Әли Ларижани Ресей әскери ұшақтары Иран әуе базасын Сирия аумағына әуе шабуылын жасау үшін әлі қолданып жатқанын мәлімдеді.

Кеше Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ресей Ирандағы Хамадан әуе базасын пайдалануды тоқтатты деп хабарлаған.

23 тамызда Тегеранда парламент сессиясында сөйлеген Ларижани Ресей әскери ұшақтары Хамадан базасын әлі пайдаланып жатқанын айтты.

Тегеран мен Мәскеудің "терроризмге қарсы біріккенін" айтқан Ларижани базаны пайдалану тоқтамағанын айтты.

Тегеран мен Мәскеу Сирия президенті Башар Асадтың билікте қалуына көмектесіп отыр.

"Біз Хамаданды Ресейге беріп қойған жоқпыз. Ресей ұшақтары базаға жанармай құйып алу үшін қонып, ұшып кетеді" деді Ларижани.

АҚШ мемлекеттік департаменті 22 тамызда Ресейдің Хамадан базасын пайдалануды тоқтатқаны рас па, жоқ па, белгісіз деп мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер брифингте АҚШ Ресей мен Иран арасындағы ынтымақтастықты жіті бақылап отырғанын айтып, "олардың базаны пайдалануды расымен тоқтатқаны, я тоқтатпағаны бізге белгісіз болып тұр" деген.

Ресей өткен аптада Хамадан әуе базасынан Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы нысандарына әуеден шабуыл жасағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG