Accessibility links

CAS Ресей паралимпиада құрамасын Риодағы ойындардан шеттетті


Ресей паралимпиада құрамасының ойыншылары (Көрнекі сурет).

Ресей паралимпиада құрамасының ойыншылары (Көрнекі сурет).

Спорттық арбитраж соты (CAS) Халықаралық паралимпиада комитетінің (ХПК) Ресей паралимпиада құрамасын қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына қатыстырмау туралы шешімін күшінде қалдырды.

"CAS алқасы бұл істі қарап, ХПК Ресей паралимпиада комитетін (РПК) олимпиададан шығаратын тәртіптік шараны қабылдауда ешқандай заң бұзбаған деп тапты. Ресей паралимпиада комитетінің паралимпиадаға қатысуына тыйым салу ХПК ережелеріне сай және істелген әрекетке барабар" делінген Спорттық арбитраж соты таратқан мәлімдемесінде.

CAS Ресей шағымында ХПК шешіміне негіз болған фактілерге қарсы ешқандай дәлелді уәж ұсына алмаған дейді.

ХПК Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейдің дүниежүзілік допингке қарсы ережелерді сақтау туралы міндеттемесін орындай алмағанын дәлелдеді деген.

Ресей ХПК-ның өз паралимпиада құрамасын 7-18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтетін паралимпиада ойындарынан шеттету шешіміне саясаттың қатысы бар дейді.

XS
SM
MD
LG