Accessibility links

Назарбаев Польшаға Ресеймен транспорт келісімін құруды ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес-форумында сөйлеп тұр. Варшава, 23 тамыз 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес-форумында сөйлеп тұр. Варшава, 23 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Варшавада қазақстан-польша бизнес-форумында Қазақстан, Польша және Ресей арасында транспорт және Кавказ транзиттік дәлізін пайдалану туралы үшжақты келісім жасауды ұсынды деп хабарлайды "Интерфакс" және ТАСС агенттіктері.

"Экономикалық ынтымақтастық транспорт дейтін ауыр мәселеге келіп тіреледі. Яғни, Қазақстаннан Польшаға және бұл елден кері қалай өту керек мәселе. Қалыптасқан жол - Ресей арқылы" деген Назарбаев. Ол Польша президенті Анджей Дудаға Ресейге "тым болмағанда транспортқа қатысты үшжақты келісім түзу" туралы қайырылуды ұсынған.

Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға 22 тамызда екі күндік ресми сапармен барған. Бизнес-форумға Қазақстан мен Польшаның 400-ден астам іскерлік топ өкілдері қатысқан. Назарбаев Польшадан соң бүгін Сербия астанасы Белградқа барады.

XS
SM
MD
LG