Accessibility links

АҚШ ақпарат құралдарына Ресей хакерлері шабуылдаған болуы мүмкін


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, New York Times газеті мен басқа да америкалық ақпарат құралдарының компьютерлерін Ресей арнайы қызметі атынан әрекет ететін хакерлер бұзуы мүмкін.

CNN-нің 23 тамызда хабарлауынша, АҚШ арнайы қызметі соңғы айларда хакерлік шабуыл фактілерін анықтаған және қазір тергеу жүргізіп жатыр. Телеарнаның ақпаратына қарағанда, бұл шабуылдар - АҚШ демократиялық партиясының компьютерлік желілеріне жасалған шабуылдардың бір бөлігі.

АҚШ Федералдық тергеу бюросы мен киберқауіпсіздікке жауапты басқа да америкалық ведомстволар бұл мәліметтерге қатысты комментарий бермеді.

АҚШ-та 8 қарашада өтетін президент сайлауы қарсаңында Демократиялық партияға мұндай хакерлік шабуылдар күшейген.

XS
SM
MD
LG