Accessibility links

Уәкіл премьер-министрден омбудсмен институтын күшейтуді сұрады


Асқар Шәкіров, адам құқығы жөніндегі уәкіл.

Асқар Шәкіров, адам құқығы жөніндегі уәкіл.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстан премьер-министрі, модернизация мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Кәрім Мәсімовтен омбудсмен институтын жетілдіріп, мәртебесін нығайтуды сұрады. Бұл туралы бүгін уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мәсімовке жолданған құжатта омбудсмен институты мәртебесін одан ары нығайту және оны ұлттық құқық қорғау институтының қызметін реттейтін жалпы мойындалған нормалар мен принциптерге, оның ішінде Париж принциптеріне сай ету мәселелері көтерілген" делінген уәкілдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Уәкіл баспасөз қызметі Париж принципінде адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайту, мемлекеттің халықаралық құқық қорғау процесіне қатысуына қосымша тетіктер беру және адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды мемлекеттік деңгейде қолдану қарастырылған дейді.

Адам құқығын қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты Париж принциптерін БҰҰ Бас ассамблеясы 1993 жылы 20 желтоқсанда мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG