Accessibility links

Италияның орталығында қуатты жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады


Италияның Аматрич қаласында болған жер сілкінісінен қираған ғимараттардың орнындағы құтқару жұмыстары. 24 тамыз 2016 жыл.

Италияның Аматрич қаласында болған жер сілкінісінен қираған ғимараттардың орнындағы құтқару жұмыстары. 24 тамыз 2016 жыл.

Италияның орталық бөлігінде 24 тамызға қараған түні қуаты 6,2 магнитудаға жететін жер сілкінісі болды. Зілзаладан Аматрич қаласында ғимараттар қирағаны хабарланды. Аматрич мэрі Серджио Пироцци мемлекеттік RAI телеарнасына қаланың кейбір жерінде ғимараттар қирап, қалаға кіретін жолдар зақымданғанын айтты. "Қирандылар астында адамдар қалып қойды... Көшкін жүрді, көпір қирау қаупі бар" деді Пироцци.

Италияның азаматтық қорғаныс қызметі жер сілкінісі қуатты болғанын және таулы аудандарда нысандар қирағаны туралы ақпар түскенін мәлімдеді.

"Зілзаладан зардап шеккендер мен ғимараттар қирағаны туралы мәліметтер бар" деген азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Фабрицио Курцио Rainews24 телерадиокомпаниясына.

Зілзала дүмпуі Римде де сезілген. Зілзала ошағы Л'Акуила қаласына жақын болған. Бұл қалада 2009 жылы қуаты 5,9 магнитудалы жер сілкініп, 309 адам қаза тапқан еді.

Курцио соңғы жер сілкінісі қуаты жағынан Л'Акуилода болған зілзаламен тең болғанын айтады. Бұл жолғы зілзала болған аймақта халық аздау қоныстанған.

XS
SM
MD
LG