Accessibility links

OPEC: Иран мұнай өндіруді азайтуға қосылуы мүмкін


АҚШ-тағы мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).

АҚШ-тағы мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).

Иран мұнай мұнай өндіруші елдер ұйымының (OPEC) мұнай өндіру көлемін азайту қадамына қосылуы мүмкін. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран билігі өкілдерімен сөйлескен OPEC шенеуніктері Тегеран қыркүйекте өтетін OPEC саммитінде өндіріс көлемін азайтуға қосылуға ниетті екенін айтқан. Иран билігі өкілдері қазір елде мұнай өндіру көлемі санкция салынғанға дейінгі меже - күніне 4 миллион баррельге жетіп қалғанын айтқан.

"Егер өндірісті азайту мәселесі мұнай бағасына әсер етсе, Иран оған қолдау білдіреді" деген OPEC өкілі Reuters-ке.

Бұған дейін Тегеранның өндіріс көлемін азайтудан бас тартуы сәуірде OPEC пен Ресейдің арзандап кеткен мұнай бағасын тұрақтандыру үшін өндіріс көлемін азайту туралы келіссөз сәтсіздікке ұшыратқан. Содан бері мұнай баррелінің бағасы қаңтардағы 30 доллардан біраз көтерілгенімен, мұнай өндіруші елдердің көпшілігі қалағандай 50 доллардан аса қоймаған.

Иран өндірісті азайтуға қосылады деген ақпараттан соң 23 тамызда Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 80 центке көтеріліп, 49,96 долларға жетті.

Қаңтарда экономикалық санкциялардан арылған Иран қазір күніне 3,6 миллион баррель мұнай өндіреді және таяуда өндірісті 4 миллионға жеткізбек жоспары бар.

XS
SM
MD
LG