Accessibility links

IWF: 4 қазақстандық ауыр атлеттің сынамасынан допинг табылды


Зілтемір (Көрнекі сурет).

Зілтемір (Көрнекі сурет).

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында алынған төрт қазақстандық атлеттің сынамасын қайта тексеруде оларда тыйым салынған препараттар бары анықталғанын мәлімдеді.

24 тамызда федерацияның сайтында жарияланған допинг сынамасынан препараттар табылғандар тізімінде 15 атлет, оның ішінде Ресей, Қазақстан және Украина спортшылары бар.

Тізімде қазақстандық ауыр атлеттер Владимир Седов, Майя Манеза, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая бар. IWF мәліметінше, төрт атлеттің допинг сынамасынан станозолол табылған. Грбовецкийдің сынамасынан сонымен қатар дегидрометилтестостерон мен оксандролон препараты табылған.

Некрасова Пекинде 63 килограмға дейінгі салмақта күміс, Грабовецкая 75 килограмнан жоғары салмақта қола жүлде иеленген. Седов жүлдеге іліне алмай қалған, ал Манеза жарақатына байланысты жарысқа шыға алмаған.

IWF-тің жаңа тізімі бойынша, 2008 жылғы Олимпиадада алынған сынамасынан допинг іздері табылған 15 спортшының 11-і Пекиндегі ойындарда жүлде алған. Олардың барлығы жарыстардан шеттетілген.

"Қолданыстағы ережелер бойынша, IWF спортшыларды олардың допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығын тергеу аясында істері жабылғанға дейін жарыстардан шартты түрде шеттетеді" делінген федерация мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG