Accessibility links

Адвокаттар Сейітқазы Матаевтың 29 тамызда сотқа қатысарына күмәнді


Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы Тамара Калеева (солдан оңға қарай) мен Сейітқазы және Әсет Матаевтардың адвокаттары Андрей Петров пен Мадина Бакиева. Астана, 24 тамыз 2016 жыл.
Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы Тамара Калеева (солдан оңға қарай) мен Сейітқазы және Әсет Матаевтардың адвокаттары Андрей Петров пен Мадина Бакиева. Астана, 24 тамыз 2016 жыл.

Астанадағы Есіл аудандық №2 сотында ісі қаралып жатқан Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевтың адвокаттары бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиында адвокаттар Сейітқазы Матаевтың денсаулығына қатысты ойларын білдірді.

- Судья келесі сот отырысын тамыздың 29-на дәрігерлер [Матаевқа] 5 күн ем алу керек дегендіктен белгілегенін түсіндірді. Біз ауруханаға барып, дәрігерлермен сөйлестік. Олар Матаевқа 5 күн белсенді емдеу терапеясын жүргізбек. Одан кейін жағдайы жақсарса, жалпы палатаға шығармақ. Жақсармаса «интенсивті терапеяда» жата береді. Демек, сот отырысын тамыздың 29-на белгілеу - асығыстау шешім. Сол күні ауруханадан шықса да [Матаев] қарапайым қорғану құқығын пайдалана алмайды. Сот процесіне, куәгерлерден сұрау алуға дайындалып үлгермейді, - дейді адвокат Мадина Бакиева.

Бүгін таңертең судья Ақболат Құрмантаев Сейітқазы Матаев ауруханада жатқандықтан сот отырысын тамыздың 29-на шегерген еді. Тамыздың 23-і күнгі сотта Сейітқазы Матаевтың қан қысымы көтерілгендіктен жедел жәрдем шақырып, одан кейін оны ауруханаға алып кеткен болатын.

«Мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен биыл 22 ақпанда ұсталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 24 ақпанда үйқамаққа алдынған. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып "қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

XS
SM
MD
LG