Accessibility links

Италияда зілзала құрбандары саны артты


Құтқарушылар зілзала салдарынан қирандылар астында қалып қойған адамды сыртқа шығарып жатыр. Аматриче, Италия, 24 тамыз 2016 жыл.
Құтқарушылар зілзала салдарынан қирандылар астында қалып қойған адамды сыртқа шығарып жатыр. Аматриче, Италия, 24 тамыз 2016 жыл.

Италияның орталық бөлігінде болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 38 адамға жетті. Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, қуаты 6,2 магнитуданы құрайтын зілзаладан зардап шеккен қалаларда көп адам із-түзсіз жоғалған, құтқарушылар қирандылар астында қалып қойғандарды іздеп жатыр. Италия билігі құрбандар саны артуы мүмкін дейді.

24 тамызға қараған түні болған жер сілкінісінен Аккумоли, Аматриче, Поста, Аркуата-дель-Торонто қалалары көп зардап шеккен. Бұл қалаларда ғимараттар қираған. Зілзала ошағы Л'Акуила қаласына жақын болған. Бұл қалада 2009 жылғы болған 5,9 магнитудалы жер сілкінісінен 309 адам қаза тапқан еді.

"Зілзаладан қалаға кіретін жолдар бұзылып, жабылды. Қаланың жартысы жермен-жексен болды. Қирандылар астында қалып қойған адамдар бар. Мұнда көшкін жүрді, көпір қирау қаупі бар" деді Аматриче қаласының мэрі Серджио Пироззи мемлекеттік RAI телеарнасына.

Халық аздау қоныстанған таулы таулы аймақтағы зілзаладан ғимараттар қирағаны туралы мәліметтер көп.

XS
SM
MD
LG