Accessibility links

Алматыда Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті


Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға қатысқандар Тарас Шевченконың ескерткішіне гүл қойды. Алматы, 24 тамыз 2016 жыл.

Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға қатысқандар Тарас Шевченконың ескерткішіне гүл қойды. Алматы, 24 тамыз 2016 жыл.

Қазақстандағы украин қауымдастығы Украина елшілігінің қолдауымен Алматыда Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мерекелік шаралар Тарас Шевченко ескерткішінің жанында Украинаның туын көтеріп, ескерткішке гүл қоюмен басталды.

Бұдан соң Достық үйінде Алматы қаласы мен облысындағы украин мәдени орталықтарының, Қазақстандағы украин мәдени орталығының өкілдері мен Украина елшілігі дипломаттарының мерекелік кездесуі болды.

Кездесуде Қазақстандағы кейбір этникалық украиндер Украина басшылығына Украинаның шығысында болып жатқан "ағайын халықтың бір-бірін қыратын соғысын" тоқтатуға шақырды. Украина елшілігінің гуманитарлық мәселелер бойынша бірінші хатшысы Леонид Ясинский осыған байланысты Украинада "ағайынды халықтың бір-бірін қыратын соғысы" болып жатпағанын, Украинаның басқыншылар әскерінен қорғануға мәжбүр болып отырғанын түсіндірді.

Украинада тәуелсіздік күні 1992 жылы - Украина ССР-і Жоғарғы кеңесі 1991 "Украинаның тәуелсіздігін жариялау актісін" қабылдағаны құрметіне белгіленген.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG