Accessibility links

Мьянманың орталығында күшті жер сілкінісі болды


Мьянманың Бангладешпен шекарасында 2016 жылдың 4 қаңтарында болған жер сілкінісінен кейінгі көрініс (Көрнекі сурет).

Мьянманың Бангладешпен шекарасында 2016 жылдың 4 қаңтарында болған жер сілкінісінен кейінгі көрініс (Көрнекі сурет).

Мьянманың орталық аудандарында күшті жер сілкінісі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кем дегенде үш адам қаза тауып, бір адам жараланған. Туристер көп келетін ежелгі Баган қаласында 60-қа тарта храм зақымданған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 6,8 магнитуданы құраған. Зілзала ошағы Чаук қаласы маңында, жердің 84 километр қабатында болған. Жерасты дүмпуі көршілес Таиланд, Үндістан және Бангладеште де сезіліп, халық дүрлігіп көшеге шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG